Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері арасында «Азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз, әрі парызымыз» тақырыбында режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры А.Төребеков пен кадр саясаты жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи бір қатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары негізінде, мекемеде ұсталынатын контингентпен жұмыс жасау барысында арнайы атыс қаруы мен бейнетіркегіштердің дұрыс пайдалануы, сонымен қатар, қызмет барысында келеңсіз жайт орын алған жағдайда бейнетіркегішке түсіріп, сотталғандар мен айыпталушы азаматтармен заң бойынша сыпайы сөйлесіп, қаруларды қандай жағдайда қолдану керектігін жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!