Бүгінгі қоғамда отбасы институтының беріктігі сынға түсіп тұрғандай. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылдың соңында Қазақстанда тіркелген некенің жартысына жуығы ажырасумен аяқталған. Бұл көрсеткіш елімізді әлемдегі ажырасу деңгейі ең жоғары елдердің қатарына қосып отыр.
Ажырасудың себебі сан алуан. Сарапшылардың пікірінше, негізгі факторлардың бірі – туыстардың араласуы (61%), моральдық шектеулердің әлсіреуі (41%) және ажырасу процесінің жеңілдетілуі (25%). Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың жас кезінде үйленуі, экономикалық қиындықтар, шетелге жұмыс істеуге кету секілді әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да отбасының тұрақтылығына әсер етуде.
Қазіргі жастар үшін отбасылық құндылықтар мен жауапкершілік мәселесі өзекті болып отыр. Ажырасудың көбеюі балалардың психологиялық жағдайына, қоғамның әлеуметтік құрылымына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, отбасы институтын нығайту, жастарға отбасылық өмірге дайындықты үйрету, моральдық және рухани құндылықтарды насихаттау маңызды.
Адина ҰЗАҚБАЙ,
Қызылорда қаласы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!