Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлікті 24 мың теңгеге базардан сатып алғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, баға 8-9 пайызға өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет gov.kz ресми порталынан
Министр базардан ең қажетті деген өнімдерді сатып алғанын жеткізді. Айтуынша, жаңа жылдық дастарханға арналған өнімдерді әркім қалтасына қарай алғаны дұрыс.
“Өзім де таңғалдым. Бірақ жаңа жылдық өнімдерді емес, тек аса қажетті заттарды 24 мың теңгеге сатып алдық. Жаңа жылдық салаттарға арналған өнімдер, мандарин, ананас сияқты жемістердің бағаларын қарадық. Өнімдер 8-9 пайызға қымбаттаған. Мен мұнымен барлық азық-түлікті қамтып алған жоқпын. Алайда базарда зейнеткер әженің “қалтаңа шамаңа қарай сауда жасайсың, қымбат, арзан деген сөз жоқ” деген сөзі ұнады. Біз құрма, қызанақ, қияр, ет, сүт, екі нан секілді стандартты ең қажетті өнімдерді алдық. Саудаластық, түсірді. Бағаның бәрі тәбет бен қалтаңызға қарай болады”, – деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!