«Құқықтық медиа орталығының» директоры Диана Окремова авто-мектептердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Сенатор Марат Қожаев жүргізуші куәлігін алу тәртібін қатаңдатуды ұсынды. Оның айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларының қорқынышты статистикасы жүргізушілердің төмен деңгейде дайындалуынан туындап отыр. Ол мұны авто-мектептердің сапасыз жұмысы деп түсіндіріп, қазір жүргізуші куәлігін алу тым оңай деген пікір білдірді.

Алайда, “Құқықтық медиа орталық” қоғамдық ұйымының директоры Диана Окремова мәселе авто-мектептерде емес, сыбайлас жемқорлықта жатқанын алға тартады. Оның айтуынша, елімізде жүргізуші куәлігін алу қиын емес – оны сатып алу тіпті оңай.

Мүмкін, Қожаев мырза бұл туралы білмейтін шығар, бірақ мәселе авто-мектептерде емес, біздің жеңілмейтін сыбайлас жемқорлықта. Жүргізуші куәлігін алу оңай емес – оны сатып алу өте оңай! Оның үстіне, жасырын жолдарды іздеудің қажеті жоқ – “көмекшілердің” байланысын 2ГИС қосымшасындағы АвтоЦОН-ға жазылған пікірлерден-ақ таба аласыз! – дейді Окремова.

Оның сөзінше, қазір жүргізуші куәлігін алу үшін небәрі 220 мың теңге жеткілікті. Бұл қызметті ұсынатындар құжатты бірнеше сағатта, ең көбі бір күн ішінде дайындап береді.

"Бағасы – 220 мың теңге": Жүргізуші куәлігі сатыла ма?

Қызығып, жүргізуші куәлігінің “бағасын” сұрастырып көрдім: 220 мың теңге екен. Бар болғаны бірнеше сағатта, ең көбі бір күнде жасап береді. Қызмет емес, нағыз ертегі! – дейді ол.

Қоғам белсендісі авто-мектептердің сапасын қатаңдатудың еш мәні жоқ екенін айтады. Себебі жүргізуші куәлігін емтихансыз-ақ сатып алуға болады.

Ал енді авто-мектептердің сапасы туралы сөз қозғаудың не мәні бар, егер 220 мың теңгеге үйден шықпай-ақ жүргізуші куәлігін ала салсақ? Депутат не үшін және кімге талапты қатаңдатпақшы, егер бәрі сатылып, бәрі сатып алынып жатса? – дейді Диана Окремова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!