Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik. «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин тұрғындардың байланыс сапасына қатысты шағымына түсініктеме берді.

Мусин талдау жүргізгенін айтып, қыркүйектің соңына дейін есеп беруге уәде берді.

Мусин сондай-ақ компанияға қарайтын үш ұялы байланыс операторы бар екенін еске салды.

«Әрине, мен «Қазақтелекомға» тиесілі ұялы байланыс операторларына жауапты боламын», – деді Мусин.

Сонымен қатар рейтингіде қандай орында тұратынымыз маңызды емес. Ең бастысы, қазіргі жағдайды түзеу үшін жұмыс істеу керек, деп түйіндеді компания басшысы.

«Ұялы байланыстың қазіргі жағдайы елорда тұрғындарын қанағаттандырмайды, біз алға жылжып, кешегіден жақсырақ нәтижеге ұмтылуымыз керек», – деді Мусин.

Еске сала кетейік, Бағдат Мусин цифрландыру министрі болып тұрғанда Астана интернет сапасы жағынан Токионы басып озды деп мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!