Алаш жұртының абзал перзенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сайланғаннан кейін өзінің халқына деген алғашқы сөзінде: «Отандастарым, мұнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ, нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жетемін,»- деген еді. Бұл сөз Елбасымыздың азаматтық принципі, қайраткерлік кредосы, парызы.

Тәуелсіздік жылдары Елбасы үшін оңай болды деп айта алмаймыз. Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосу үшін Елбасымыз көп еңбек сіңірді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа мемлекет жасау жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, тарихтың да, тағдырдың да сынынан мұқалмай абыроймен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне төрлеткен ұлы тұлға деп біледі. Елбасының кемеңгерлігіне, алыс болашақта болжай алатын көрегендігіне, білімі мен біліктілігіне бүкіл қазақстандықтар тәнті. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында еліміздің жасампаздық жолы мен дамуының басым бағыттарын белгілеп берді.

Қоғам алдында тұрған міндеттерді орындау жолында кездескен көптеген қиыншылықтарға қарамастан ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. Елде дамудың кешенді бағдарламалары жасалған.

Басымдықтар айтылған. Бүгінде еркін ойлауға және жаңаруға даму мен жетілу үшін шабыт алуға, жаңа және одан да биік шыңдарды бағындыруға жол ашылды. Біз қиындық пен қызығы қатар жүрген, татулық пен ынтымақтың қадірін білген жылдар үшін тұңғыш Президентімізді сыйлап, құрметтеуіміз керек.

Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,

философия ғылымдарының докторы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!