Бұл туралы Облыстық “жастар ресурстық орталығы” КММ-сінің директор орынбасары Гүлназ Айдарбекова хабарлады.

«Қадірлі қауым, жастардың жанашырлары!

Біз бүгін Қызылорда облысының Қоғамдық Даму Басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ә.Әбілдаевпен бірге Байқоңыр қаласына іс-сапармен барып, екіжақты келісімдерге қол жеткіздік.

Осы ретте, мен Мемлекетаралық келісімдерге байланысты көбіне оқшау қалатын Байқоңыр жастарына арналған көпжылдық кешенді іс-шаралар жоспары бұған дейін дәл осындай мазмұнда бекітілмеген. Бұл жолғы 2022-2025 жылдарға арналған жастарды дамыту жоспары ұлттық құндылықтарға негізделіп отыр.

Жоспар:

  • тіл оқыту курсын, домбыра, тоғызқұмалақ үйірмелерін ашу;
    -​ Ұлттық мерекелеріне орайластырылған бірлескен шаралар ұйымдастыру;
    -​ «Звезда», «Сатурн» кинотеатрларында отандық кинолардың көрсетілімін ұйымдастыру;
    -​ «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы арқылы маусымдық кезеңде 150 жасты (жұмыссыз жастар) жұмыспен қамту;
    -​ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысын ұйымдастыру;
    -​ Республикалық және облыстық тынығу лагерлеріне Байқоңыр қаласының жастарына жолдама беру;
    -​ «Жайдарман» ойындарының Байқоңыр қалалық лигасын құру;
    -​ «Acoustic» шарасын ұйымдастыру;
    -​ жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Мүмкіндіктер алаңын» ұйымдастыру;
    -​ Қызылорда қаласы және аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» Байқоңыр қаласындағы күндерін ұйымдастыру;
    -​ белсенді жастар өкілдерінен (лидерлер, блогерлер мен вайнерлер, жастар істері жөніндегі комитет жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері, жұмысшы жастар) жастардың Қоғамдық кеңесін құру;
    -​ «Волонтерлер лигасы» қалалық фронт-офисін құру;
    -​ «Baikonyr Jastary» телеграм каналы және қызу желі қызметін ұйымдастыру;
    -​ түрлі тақырыптар бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру секілді орнықты, нақты пункттерден тұрады. Бұл – Байқоңырда прагмат, патриот жастардың қатарын көбейтуге сеп болады деп есептеймін!

Сонымен бірге, жастардың мәселелеріне қатысты көп орын алатын факторлар ортаға салынып, оны шешуге бағытталған іс-шаралар жоспары да негізгі кешенге қосылды.

Ендігі кезекте, аталған бастамалардың барлығын өз деңгейінде жүзеге асыру, жүйелі жұмыстарға негіздеу.

Сыр жастары биік белестерді бағындыра берсін! Еңбегіміз – елге, жасап жатқан жұмыстарымыздың игілігі – жастарға!», — деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!