«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 17:36-да «Союз МС-25» ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын 21 наурызға жоспарланған «Союз» кемесінің ұшырылуы химиялық қуат көздеріндегі электр энергиясындағы ақауларға байланысты автоматтандыру арқылы жойылған болатын.

«Союз» ғарыш кемесі ХҒС-қа стандартты екі күндік кестеге сәйкес құрамында ресейлік Олег Новицкий, Беларусь Республикасының тұңғыш ғарышкері Марина Василевская және америкалық астронавт Трейси Дайсон бар халықаралық экипажды жеткізеді.

«Союз МС-25» ғарыш кемесін ресейлік «Причал» модулінің түйісетін портына қондыру 25 наурызға жоспарланған.

Олег Новицкий мен Марина Василевскаядан тұратын «Казбек» экипажы («Союз МС-25» ғарыш кемесі командирінің шақыру белгісі) стансада екі аптаға жуық уақыт болып, сәуір айының басында америкалық Лорал О’Харамен бірге Жерге оралады. Америкалық Трейси Дайсон ХҒС-та 2024 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!