Жыл бойы атқарылған жұмыс жайында есеп беріп, өткенді екшеу – есіл уақыттың текке кетпегенін білдіреді. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өтіп, 12 айдың қорытындысы талданды.
Жиын барысында мекеме бастығы орынбасарының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Махашев Айбол Тимурұлы қызметтік бағыттар бойынша атқарылған істерді жіпке тізгендей айтып, баяндама жасады. Өз кезегінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекжанов Мейрам Гарипулаұлы қызмет сапасын арттыру бойынша сөз қозғап, кемшіліктерді жоюға баса мән беру керектігін жеткізді.
Басқосуға келген Қызылорда облысы прокуратурасының үкімдердің қадағалау басқармасы бастығы Азамат Баянбайұлы да қызметке қатысты ой-пікірін шегелей айтып, нақты шешімдер ұсынды. Ал, кадрлық мәселе жөнінде сөз сөйлеген мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлы кәсіби жауапкершілікке кеңінен тоқталды.
Бөлім бастықтары да өз құзыреттері аясында сұрақтарға жауап беріп, түйткілді тұсқа тоқталып, оларды шешудің оңтайлы жолын ортаға салынды. Бұл талқы – жиынды жинақы етіп, тәжірибелік мәнмен толықты. Сондай-ақ, тәртіпті сақтау, жазасын өтеушілердің құқықтарын қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын орындау мәселелері де кеңінен қаралды.
Жиын соңында мекеме бастығы әділет майоры Әмірбек Азамат Темірбекұлы қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру, кемшіліктерге жол бермеу және оң нәтижелерді тұрақты түрде арттыру қажеттігін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!