Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол картасы спорттық жарыстар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде темекі өнімдерін, алкоголь өнімін және ПАЗ тұтынуды қысқарту; психикалық және репродуктивті денсаулықты жақсарту; жарақаттануды азайту күтіледі.

Жол картасы шеңберінде маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – 2025 жылға дейін небәрі 39-ы құрылатын «Саламатты асханалар», «Салауатты кафетерийлер», «Салауатты бистро», «Саламатты дүкендер» дұрыс тамақтану жөніндегі кәсіпорындар желісін дамыту. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационы бойынша ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін бірқатар ұлттық ұсыным әзірленетін болады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қант қосылған сусындарды, құрамында тұзы жоғары өнімдерді тұтынуды азайту бойынша халықтың арасында белсенді түсіндіру жұмыстары күтілуде.

Сарапшылар халықтың әртүрлі жас топтары үшін дене белсенділігі бойынша ұлттық ұсынымдарды енгізетін болады. Бағыттардың бірі халықтың арасында жарақаттанудың алдын алу (балалардың құлауы, суға батуы, терезелерден құлауы); темекі, алкоголь, ПАЗ тұтыну бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу болады. Барлық жерде темекіге қарсы кабинеттер, темекіні тастаушыларға арналған сенім телефондары, темекі шегуден бас тартуға арналған қосымшалар құрылады, – делінген ДСМ таратқан хабарламада.

Жол картасы қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулықты сақтау мен аурулардың профилактикасы үшін қолайлы әлеуметтік ортаны қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс, қоғамды мықты және дені сау халқы бар елге айналдыруда маңызды рөл атқарады.

Денсаулық сақтау министрлігі Жол картасын іске асыру ел халқы арасында саламатты өмір салтын ілгерілетудегі маңызды қадам болатынына сенімді.

Қабылданған Жол картасы Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «2023-2025 жылдарға арналған саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру» деген 91-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленгенін естеріңізге сала кетейік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!