Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өміріне айтарлықтай әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар. Ол адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.
Заманауи ғылым жүйесі музыкалық қабілеттің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады. Яғни музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсер алмаудың кейін орнын толтыру өте қиын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл-күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшаулануға ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол бала кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала басқаларға қарағанда неғұрылым шығармашылық салада, музыкалық тұрғыда дамуы айқын байқалады.
Музыкалық даму жалпы дамуда ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.
Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.
Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық-эстетикалық білімді белсенді насихаттауы тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелеріне, студияларға, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан-жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.
Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктіріп, жұмыс жасауды жүзеге асыру болып табылады.
Нұралы Қасқыралиев,
Қармақшы ауданы, Ақай ауылы,
№19 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының музыканты
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!