Бүгінде елімізде жеткіншектер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі жұртшылықтың да, мемлекеттік органдардың да назарын аударатын проблемаға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жеткіншектер арасында суицидтік көңіл-күйдің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Осы ретте El.kz тілшісі бұл бір өзекті мәселе төңірегінде психолог Ақгүл Төлеуханқызымен сұхбаттасуды жөн көрді.
El.kz: Жасыратыны жоқ, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид туралы жиі естиіміз. Осы бір жағымсыз фактордың көбеюіне қандай жағдайлар әсер етіп жатыр?
Ақгүл Төлеуханқызы: Баланың табиғаты қалыптасу үстінде, яғни миымыз тек тәнімізді ғана емес, сезімдер жай-күйімізді сақтау, еңсеру сияқты көптеген тірілігімізді басқаратын бұл ғажап жүйе әртүрлі даму кезеңдері мен арнайы қабілеттерді үйреніп жасауды қажет етеді. Мысалы жануарлардың (бұзау) төлі туылғаннан кейін көп ұзамай аяққа тұрып, анасын емуді және жүруді бастай алса, адам баласы жүйке-жүйесі толық жетілмеген күйде дүниеге келіп, ересектердің қолдауына, көмегіне тәуелді болады.
Осы әлемді танып, жайлап дамып келе жатқан баланың миы әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан да қорғалуы қажет. Баланың өскен ортасындағы қиындықтар да әсер етеді. Мәселен қазіргі таңның өзінде ересектердің өмірінің өзі үнемі тұрақсыз жағдайларға байланысты жұмысбасты болып келеді. Олар көңіл бөле алмағасын, әлеуметтік желі балаларға арналатын уақыттың азаюына әкеліп соғады. Бұған қоса, баламен байланыс орнату қазіргі таңда қажеттілік деп қаралып жатқаны санаулы ғана.
Бала болмысының жаңадан қалыптасып, миы жаңадан жетіліп жатқанда кейбір үлкен сезімдер ата ананың ажырасуы, топ ортасынан шеттетілу, болашаққа қорқыныш сияқты мәселелермен қарсыласуға әл-ауқатының жеткіліксіз болуы, осындай үлкен сезімдермен арпалысып, жеңуі мүмкін емес.
Әлі жан-тәнімен дамуы толық аяқталмаған, адами қасиеттері қалыптаспаған, өмірдің түрлі ләззаттарын сезінбеген осы кішкентай жандардың не себепті өз-өзіне қол жұмсайтынын қарастырмас бұрын, балалар үшін «өлім» нені білдіреді және қалай, қашан қалыптасатынын зерттеп көрейік.
5-6 жасына дейін бала өлімді тек ересектерге тән нәрсе деп қабылдайды. Қоршаған ортаның қиындықтарына жауап беру кезінде өзін-өзі өлтіру туралы ойлану олардың табиғатына жат. Мұндай жағдайда баланың қиялы мен күндізгі армандары көмекке келеді. Жайлап-жайлап өлтіру, яғни бала өзіне қастандық жасағысы келсе, өлтіру сияқты мылтықпен ойналатын ойындарда көрініс табады.
El.kz: Бұл жағдайда баланың отбасы, ата-анасы мен жақындарына қатысты мәселелердің әсері қандай? Қандай отбасылық жағдайлар балалардың психологиялық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін?
Ақгүл Төлеуханқызы: Жасөспірімдік шаққа қадам басумен бірге бала қиындықтармен жүздесуге үйден қашу арқылы жауап береді. Зерттеулерге сәйкес, үйден қашу мен өлім туралы ойлар бір біріне параллел және бірдей динамикадағы ойлар. Үйден алыстау арқылы проблемадан құтыламын деп ойлайды. Нақты өзіне қол жұмсау 10 жасынан кейін болады. Көбінесе негізгі себептер ата-ананың тірі болуы, баланың әлемінде өлі болуы да, ата ананың ажырасуынан кейінгі баланың қауқарсыздығы, жалғыздығы себеп болады.
Мысалы, суицидке бару арқылы бала отбасындағы мәселелерді шешуді көздеуі мүмкін. Осындай әрекетімен ол ата-анасын қорқытып, бұзылған отбасын біріктіремін деп ойлайды. Себебі ажырасқан отбасылардың көбі балалары үшін қайта қосылады немесе ата ананың біреуінің өлімі, соған қауышуды қалауы, өзін кінәлі сезіну, осыған қатысты күйзеліспен қарысыласа аламауы әсер етеді.
Кей жағдайда өзі «мені өлген соң көресіңдер, көретіндеріңді» деп ата-ананы жазалау мақсатында өзіне қол жұмсауы мүмкін. Бұл жағдайда қарағанда отбасындағы тірліктің баланың шешімдеріне әсері өте үлкен. Бала жаны бұл шарасыздықты, күйзелісті тоқтатқысы келеді.
El.kz: Әлеуметтік қысым, буллинг және кибербуллинг туралы айтсаңыз…
Ақгүл Төлеуханқызы: Сондай ақ суицидке барудың сыртқы факторлармен, әлеуметтік нормалармен байланысы бар. Қазіргі таңда ата-ананың баласына көп көңіл бөле алмауы, үлгермеушілік, күні бойы жұмыс істеу балалардың жалғызсырауына апарып жатыр.
Бір баланы тәрбиелеу үшін бір ауыл керек деген қағиданы ұстанамын. Оған қоса, цифрлық әлемде ойындар арқылы тик-токтың қармағында өсіп жатқан балалар өте көп.
Кейбір ойындар баланы дамытқанмен бұл құрылғылардың пайдасынан бөлек, оларды шамадан тыс пайдалану балаларға физикалық, психологиялық және әлеуметтік зиян тигізетінін де білген дұрыс.
Цифрлық ойындарды ойнау арқылы байқамай ұзақ уақыт өткізген баланың бойында жетіспеушілік және отбасынан, әлеуметтік ортасынан алыстап, жалғыздық күйін кешіп, түрлі қорқынышты уайымға алып келеді. Бұл балалар шынайы өмірді толық білмейді.
Алайда балаларға цифрлық ойындарды ойнауға мүлдем тыйым салмай, бақылауда ойнауын қадағалау қажет. Себебі оларды бұл ойындардан толықтай алшақтата алмасақта, бірақ бақылау жасай аламыз. Әсіресе бетпе-бет қарым-қатынасты нығайту маңызды. Баламен диалог орнатып, мәселелерді осы жолмен шешуге тырысу қажет. Әйтпесе, балалар өздері оқшауланып кетеді.
El.kz: Суицидтің алдын алу үшін қандай шаралар қабылдану керек? Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер балалармен жұмыс істейтін кезде неге көбірек көңіл бөлуі қажет?
Ақгүл Төлеуханқызы: Өзіне қол жұмсау бұл – жеке-жеке адамдарды емес, оның отбасын, достарын айналасын қамтитын психологиялық және әлеуметтік қырлары бар әрекет. Суицидтің алдын алу үшін бүкіл қоғамдағы суицидке апаратын бейімділікті арттыратын факторларды анықтап, оларды жою және суицидтің таралуын азайту керек.
Сондай-ақ мұғалімдер оқушылардың сезімдері мен болмысына назар аударып, ерекшеліктеріне қарап, көмекке мұқтаж баланы дер кезінде байқай білуі маңызды.
Мектептерде суицидке барауға бейімі бар оқушыларды анықтау, сол топтарға бағытталған психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу керек.
Бұдан өзге суицидтен болған өлім туралы жаңалықтарды естіген кейбір күйзелістегі оқушылардың суицидтік ойлары кеңейіп, оларға әсер етуі мүмкін. Мұндай оқушылардың барын анықтап, алдын алу үшін олардың эмоциялық және жай-күйін, жағдайын жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Оқушыларға өз сезімдерін жеткізе жазу, музыка, өнер арқылы да және басқа да тәсілдермен білдіруге мүмкіндік беруге болады. Суицидке әрекет еткен балаларды емдеп, қайталануын болдырмау үшін отбасы, мектеп, жұмыс орны және тиісті ұйымдар жоспарлы түрде, кең ауқымда көпсалалы тәсілмен жұмыс істеу қажет.
Суицидке баратын жасөспірімдер «өліп қалсам ғой, өмірдің мәні жоқ, неге тудым?» деген сияқты сөздерді жиі айтып, оқшауланып, жалғыз қалғысы келе бастайды. Қалай болса да, жаны ауырып жүрген балаға қасынан табылатын адам керек, оны жан құлағымен тыңдайтын, ол үшін алтын уақытын бөлетін еститін адам керек. Ішін тарқатуға, проблема болса шешуге көмектесетін адам, кейін міндетті түрле мамандардан көмек алған дұрыс. Баланың күйзелісін көргенде ерте араласу, суицидтің алдын алады.
Балаларға кішкентай кезінен сезімдерін бөлісуге, көмек сұрауды үйретудің өзі үлкен көмек. Қандай да бір буллинг сияқты қиын жағдайларға тап болғанда үмітсіздікке түспей, қалай шешу жолдары болатынын баламен қарым қатынаста ересектер үлгі болып үйрету қажет.
El.kz: Ата-аналар мен қоғамға қандай кеңестер беруге болады? Балалардың суицидке баруына жол бермес үшін не істеу керек?
Ақгүл Төлеуханқызы: Балаға қажет кезде қасынан табылу керек, артынан деп кейінге қалдырсаңыз, балаңыз үшін кейін деген уақыт сізді қажетсінетін уақыт болмауы мүмкін. Қазір бірге болу, тығыз байланыс орнату адамдар үшін өте қиын, көбісі бір-бірінен қашып өмір сүретіндей көрінеді.
Қазіргі таңда баламен терең байланыс орнатып, табиғатқа шығу, бірге ойнау, әңгімелесу үшін арнайы уақыт шығару бәріміздің өмірімізде орын алуы керек. Әрине, суицидке бала не үшін барды оны анықтау қажет.
Кедейлік, буллинг анау-мынау дей отырып, бір себеп тапқымыз келеді. Бұл проблемалар суицидке баруға тікелей әсер етпейді. Олардан бұрын жалғызсыраған жанның қасында тірі-баланы сезетін адам болуы керек. Қиналып жүргенін көретін көз керек, без емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!