Фото: Astanatv.kz

Буллинг балабақшадан басталады. Алматыдағы балабақшада кішкентай баланы өз қатарластары ұрып, теуіп тастаған. Балаларды қараусыз қалдырған балабақша тәрбиешісіне қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ZTB паблигіне сілтеме жасап.

Бұл мәселеге байланысты зардап шеккен баланың ата-анасы өз шағымын әлеуметтік желіге жариялады. Оқиға 21 ақпан күні Алматыдағы №51 балабақшада болған. Камераға балалардың өз құрдасын аяусыз ұрып-соққан сәті түсіп қалған.

Олар мұндай оқиға бұрын осы балабақшада болғанын атап өтті. Алматы қаласының білім басқармасы аталған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

«№51 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеші оқыс оқиға кезінде балаларға түскі ас алып жатқанын, басқа бөлмеде болғанын айтты. Сондықтан балалардың іс-әрекетін бақылай алмады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәртіп бұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылау жасамағаны үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды», – делінген Алматы қаласы білім басқармасының хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!