1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ҚАЖД-нің №60 мекемесінің ұйытқы болуымен және Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп тағылымы мол шара өтті.

Шара барысында ұйымдастырушылар балаларға қуаныш сыйлайтын түрлі сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл-күй қалыптастарды. Өз кезегінде балалар да өз өнерлерін ортаға салды. Балалар әуелетіп ән салып, би десе би билеп мерекені шын көңілмен қарсы алды.

Бұл күн әр баланың жүрегіне жылу ұялататын күн. Ұйымдастырушылардың бастамасы балалардың жүзіне күлкі, жүрегіне сенім ұялатты.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының
Қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!