Фото: ашық дереккөзден

2024 жылы 15-17 шілде күндері «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс шарасы барысында күндізгі және түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы балалардың беталды, беймезгіл уақытта қоғамдық жерлерде жүрмеуі, тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу рейдтің басты мақсаты.

Шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары тексерілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуына және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз, заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүруге тыйым салынған.

Айнұр МОЛДАХОЖАЕВА,
Ювеналды полиция бөлімшесінің
учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!