Ақтау тұрғындары қалада бүрге қаптағанына наразы. Оннан астам шағын аудандағы үйдің пәтерлеріне де таралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар бұл мәселені шешуді сұрайды.
«Пәтер иелері кооперативі жертөледегі бүргелерді улады. Бірақ сонда да кеткен жоқ. Подъезден пәтерге жеткенше мүмкін емес, шағып тастайды. Балалардың денесінде сау жері қалмаған, үнемі қасынып жүреді. Кішкентай баламда аллергия басталд. Бүргелерді өлтіру үшін аэрозоль, түрлі майлар жақтық, кетер емес», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Надежда Шмелева.
Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы жертөлелерде бүргеден санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кейбір үйлерде олар бірнеше рет өткізілген.
«Алтыншы шағын аудандағы үйлердің бірінде жертөледе алты рет бүргеге қарсы улау жұмысы жүрді. Тұрғындар мұны қаңғыбас жануарлардан көреді, солардың кесірінен бүргелер балалардың ойын алаңдарында және тұрғын үйлердің айналасына таралды дейді», – деп атап өтті Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.
Зооқорғаушылар бұл жануарлардың денесінде болатын бүргелер емес дейді. Олардың айтуынша, бұл – жертөлелердегі ылғалдан пайда болатын жер бүргелері.
«Қаңғыбас жануарлар әрқашан болған. Бірақ неге дәл осы жылы бүрге қаптады? Біз бәріне жануарларды кінәлауға дағдыланғанбыз. Ал ПИК өз кінәсін көрмейді. Өткен жылы қанша жертөлені бітеді? Ауа айналымы болу, бұл дұрыс емес деп қанша рет ескерттік. Бірақ мысықтар кіріп кетпесін деп бәрін бітеп қойды. Ауа айналымы болмай, ылғал болғандықтан, бүрге пайда болады. Мысықтарды аңдығанша, жертөлелердің жағдайын бақылау керек», – дейді зооқорғаушы Ирина Болатова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!