Бүгін «Aray City Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай іс-шара өткізілді. «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында атты ашық есік күнін Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.
Ашық есік күнінің аясында аталмыш орталықта құтқару киімдерінің, құрал-жабдықтарының, құтқару техникаларының көрмесі өтті. Балалар құтқару құралдарының қандай мақсатта пайдаланылатындығымен танысты. Әсіресе алғашқы медициналық құралдар, өрт сөндіру, құтқару, кинологиялық қызмет жөнінде өздерінің сұрақтарына жауап алды.
Сонымен бірге көрмеде «Айзере» орталығының тәрбиеленушілері өз туындыларын ұсынып, түрлі жанрдағы суреттер арқылы қауіпсіздік тақырыбын бейнеледі. Балалардың шығармашылық жұмыстары олардың қауіпсіздік туралы түсінігін арттыруға және төтенше жағдайлардан қорғану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Іс-шара барысында балаларға арналған көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, тәттілер мен балмұздақтар таратылды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік тақырыбындағы қысқаметражды мультфильмдер көрсетіліп, балалардың қауіпсіздік туралы білімін тереңдетуге септігін тигізді. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беруде.
Аталмыш іс-шараға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері де қатысып, арнайы телесюжет, репортаж, мақала, заметка дайындады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!