Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Белгілі әнші Ақбота Сейітмағамбет КешYou тобынан қалай кеткенін еске алды. Динара Сәтжанның шоуында қонақ болған әнші тұрмысқа шығу үшін айыппұл төлегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар.

Тұрмысқа шығамын деп… бір жағынан балалық болды ма, шалалық болды ма, адам болған бастан түрлі жағдай өтеді. Қалған бес жылыма өтеу ретінде айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді», – дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!