Алматы облысында 32 жастағы азамат өзінен 30 жас үлкен мүгедектігі бар зейнеткерді зорлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіАлматы арнасына сілтеме жасап.

63 жастағы зейнеткер қайғылы түнді қорқынышпен, жылап отырып еске алды. Жәбірленушінің айтуынша, оның екінші дәрежелі мүгедектігі бар. Өзі әрең әрең қозғалады.

Оқиға Қарасай ауданындағы саяжайдың бірінде болыпты. Түнде арам ойын іске асыруға тырысқан күдікті басында есікті қағып, бейтаныс адамның атын сұрайды. Алайда зейнеткер танымайтынын айтып, кері қайтарады. Бірақ ол райынан қайтпай, ішке кірудің амалын қарастырады. Сөйтіп терезені сындырып, ішке кіріп, арам пиғылын іске асырады.

«Мен атып тұрдым. Маған қол көтермек болғанда үтікпен бір ұрдым. Содан ол мені сүйреп, жатын бөлмеге апарды. Мені қатты ұрып, талдырып, зорлады», – деді жәбірленуші.

Түрін көрсетпеуді өтінген жәбірленуші атын да жасырды. Болған жайды бүкпесіз баяндап берген зейнеткер әбден шошып қалған.

«Мені өлтіреді деп қорықтым. Айтқанының бәрін істедім. Осыған қарамастан ойына келгенін істеді. Тіпті үйде зорлағаны аздай, шашымнан сүйреп моншаға апарды. Ол жерде де білгенін істеді. Баламдай азамат ар-намысымды аяққа таптады. Қолында бөтелкесі болған. Онымен қоймай бауыздап тастаймын деп қорқытты», –  дейді облыс тұрғыны.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!