1 жасар баласын 7 миллион теңгеге сатпақ болған әйел сотталды.

Қарағанды облысының 27 жастағы тұрғыны өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін бір жасар ұлын сатпақ болған.

Түркістанда осы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жас келіншек 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айыпталушы өткен жылы баласын сату кезінде ұсталған болатын. Келіншек ұлын 7 млн теңгеге бағалаған.

Осы қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа байланысты Түркістан қаласы прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілді.

Бүгінде сот үкімі заңды күшіне енді. Ал, бала балалар үйіне жіберілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!