Екі жасар ұлын үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлатып алған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 27 қаңтарда болды. Әйел мас күйінде болған деп болжануда.
«ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жарақат алмаған, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
Анасы – 2003 жылы туған Риддер тұрғыны.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін анасы үйден балкон арқылы шықпақ болып, баласын қолынан түсіріп алғаны хабарланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!