ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 қаулысы негізінде, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Инспекция Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше ретінде жұмыс істейді.
Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы мекемесі табиғатты, табиғаттың байлығын келешек ұрпаққа аман сақтап, жемқорлыққа жол бермеу, болдырмау үшін өз үлесін қосып келеді. Бұл жаңа құрылған ұжымның Отан алдындағы тұрақты ұстанымы әрі ұраны.
Табиғат байлығын қорғау, пайдалану саласында ысырапшылдыққа жол бермеу және халыққа ашық, қолжетімді қызмет көрсету, жемқорлықты болдырмау үшін бар күш-жігерімізді, білім мен ақылымызды жұмсауға, адал еңбек етуге даяр екенімізді көрсетуіміз қажет.
Қараша айында Мәжілістің жалпы отырысында «акваөсіру туралы» заң жобасы және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аква өсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң талқыланып, мәжіліс депутаттары бастаманы қолдады.
Бастамалардың негізгі мақсаты – өндірістерді құру және кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті акваөсіру объектілерін өсіру көлемін ұлғайту арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Бүгінде Қызылорда және Түркістан облысы бойынша балық және балық өнімдерінен дайын өнім түрлерін шығару жолға қойылған. Атап айтқанда салқындатылған-мұздатылған балық, балық филесі, ысталған және қақталған балық, балық консервілері, сондай-ақ балықтың май-ұн заттары өндірілуде.
Инспекцияның бөлім басшылары тарапынан инспекторларға рейдтік іс-сапарға шығар алдында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы және кез-келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде әрдайым ескертіледі.
Жылына екі рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу жұмыс тобымен Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына талдамалық анықтама жасалады.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмысшы тобымен анықталған тәуекелдерді жою туралы басшы құрамға және ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінен Балық шаруашылығы комитетіне ұсыныстар беріледі.
Инспекция қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары туралы» тақырыпта «Documentolog электрондық құжат айналымы және бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесінде» жұмыс істеу бойынша курсты сәтті аяқтағанын растайтыны туралы сертификаттар алды. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биыл инспекция қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар орын алмады.
С.АЛДОНҒАРОВ,
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік
балық шаруашылығы инспекциясы республикалық
мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!