ҚРҮкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 955 қаулысы негізінде, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Инспекция (2023 жылы ҚР Аул шарушылығы министрлігінен Балық шаруашылығы комитеті болып қайта құрылды (бұдан әрі-Комитет))құзіреті шегінде Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.

Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесі табиғатымызды келешек ұрпаққа аман сақтап, табиғат байлығын талан-таражға түсірмеуге және жемқорлыққа жол бермеу, болдырмау мақсатында, өз үлесімізді қосамыз және бұл жаңа құрылған коллективтің Отан алдындағы тұрақты ұстанымы әрі ұраны.

Табиғат байлығын қорғау, пайдалану саласында ысырапшылдыққа жол бермеу және халыққа ашық, қолжетімді қызмет көрсету, коррупцияны болдырмау үшін бар күш-жігерімізді, білім мен ақылымызды жұмсауға, адал еңбек етуге даяр екендігімізді көрсете білуіміз қажет.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев,сыбайлас жемқорлық – ауру, оған қарсы күрес – біздің парызымыз қағидатын енгізуді ұсынды. Қағидатын енгізу барлық мемлекеттік органдар бірлесіп айналысуға тиіс екендігі туралы талап қойды.

Мемлекет басшысының пікірінше, барлық мемлекеттік органдар жұмыстың жаңа форматтарын белсенді түрде түсініп, оларды іс жүзінде қолдануы керек екендігін, сонымен қатар «Жалпы, ескі әкімшілік әдістерден ауытқып, барлық жерде басқарудың заманауи технологияларына қайта бағдарлану қажет. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін мемлекеттік қызмет жүйесін толығымен қайта жүктеуі тиіс»-деді.

  20.11.2024 жылы ҚР Мәжілістің жалпы отырысында «акваөсіру туралы» заң жобасы және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң талқыланып мәжіліс депутаттарынан қолдау тапты.

Бұл бастамалардың негізгі мақсаты өндірістерді құру және кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті акваөсіру объектілерін өсіру көлемін ұлғайту арқылы акваөсірудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындауды, балық шаруашылығын жүргізу жағдайларын белгілеуді және ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтиды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау және экономикалық, құқықтық және экологиялық факторларды зерттеу мақсатында акваөсірудің даму жағдайын бағалау қарастырылған.

Заң жобасы шеңберінде мониторингтің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда, оның мақсаты деректерді жинау, бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізу және акваөсіру объектілерін қадағалау болады. Су айдындарын электрондық портал арқылы конкурстық негізде ұсыну жоспарлануда, бұл ресурстарды бөлу процесінде ашықтықты қамтамасыз етеді.

Бұл шаралар Қазақстанда балық шаруашылығын жүргізуді жеңілдетуге және акваөсірудің өркендеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған, бұл өз кезегінде ел экономикасына да, азаматтардың әл-ауқатына да оң әсер етеді.

Ел халқын өз балығымызбен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін импорт алмастыру саясатын іске асыру қажет, оның негіздерінің бірі отандық балық тауарларының өндірісін дамыту болып табылады.

 Қазіргі кезде Қызылорда және Түркістан облысы бойынша балық және балық өнімдерінен дайын өнімнің келесі түрлерін шығару жолға қойылған: салқындатылған-мұздатылған балық, балық филесі, ысталған және қақталған балық, балық консервілері, сондай-ақ балықтың май-ұн өнімдері өндіріліп отыр.

 Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту үшін балық пен балық өнімдерінің шығарылған жерінің заңдылығын растайтын құжаттарды қалыптастыруға және беруге қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялауды көздейтін балық пен балық өнімдерін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жасалуда.

  Инспекцияның бөлім басшылары тарапынан бөлім инспекторларына рейдтік іс-сапарға шығар алдында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы және кез-келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде әрдайым ескертіліп отырады.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында әрдайым құқықтық оқытулар  өткізіледі.

Жылына кемдегенде екі рет, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу жұмыс тобымен,Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясыныңсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп ол бойынша талдамалық анықтама жасалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

– Инспекцияның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Инспекцияның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмысшы тобымен анықталған тәуекелдіктерді жою туралы басшы құрамға және ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінен Балық шаруашылығы комитетінеұсыныстар беріліп тұрады.

Сонымен қатар инспекция қызметкерлері «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманыңталаптары турары» тақырыпта «Documentolog электрондық құжат айналымы және бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесінде» жұмыс жасау бойынша курсты сәтті аяқтағанын растайтындығы туралы сертификаттар алды.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, Инспекция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы биыл заң бұзушылықтар орын алмағандығын білдіремін.

С.АЛДОНҒАРОВ,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы
комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік
балық шаруашылығы инспекциясы республикалық
мемлекеттік мекемесінің бас маманы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!