Қызылордалық жас қаламгер Нұрасыл Жасұланұлының «Бақытсыз Жан» атты романы жарыққа шықты. 

Кітаптың алғашқы тираждары кітап шыққан күні таратылып кеткен. Одан бөлек, 24 сағаттың ішінде 200-ден астам оқырман кітаптың электронды нұсқасын оқып, 50-ден астам адам сатып алу үшін байланысқа шыққан.

«Қараңғыда қанша от көрсең, қазақ даласында сонша отбасы бар. Отбасының ішінде болып жатқан құбылыстардың барлығынан бейхабар емеспіз. «Бақытсыз Жан» романы әр отбасының шаңырағындағы оқиғаларды суреттейді. Біз отбасыларды жекелей емес, дастархандарының басында болып жатқан оқиғаларын өздеріне мысал ретінде келтіріп тәрбиелей аламыз. Романда ата-анаға деген құрмет, адалдық, тәрбие, өнеге, махаббат және т.б. сынды тұжырымдар айтылған» – деді кітап авторы. 

Кітаптың электронды нұсқасы автордың «Жақаң жолымен…» (https://t.me/zhahan_zholymen) телеграм арнасына жүктелген.

«Кітап сатылмайды. Білім тегін. Жүректен шыққан сөз сіздерге сый», – деп жазба қалдырды Нұрасыл Бекматов әлеуметтік желіде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!