Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕЭК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Еске салсақ, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!