Бас прокуратура қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешенін пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық жазасын қатаңдатудың орындылығы жан-жақты талданады.
Осыған байланысты Бас прокуратура осы проблемаларды шешу, әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру бойынша барлық қолда бар ұсыныстарды зерделеуге дайын.
Дәлелді бастамаларды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: sbn2022@mail.ru
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!