Фото:depositphotos.com
Бас прокуратура «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес, кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып жатыр. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және құпиясөзді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: қолданушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуал қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автомат түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
WhatsApp-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы – «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз аккаунтты көрсетеді және дереу жойылуға тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларғаенгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату – әрқашан алаяқтық;
- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!