Мәслихат отырысында депутат Астанада жерасты метросын салуды ұсынды. Оның айтуынша, оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жер болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Динара Оразалина Астанада метро салу туралы ойланып көруді ұсынды.
«Құқықтық тәртіп жөніндегі комиссия мүшесінің ұсынысы ретінде әлі де елордада жерасты метросын салу туралы ұсынысыма ойланып көрсеңіздер.
Бейбіт уақытта ол біздің қиын ауа райы жағдайында тұрғындардың қозғалысы үшін қызмет етеді. Ал көлденең төтенше жағдай бола қалса, метро бас сауғалайтын жерге айналады», – деді Оразалина.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!