Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Түркістан мен Қызылорда облыстарында екі баланың ашық кәріз құдықтарына түсіп, мерт болу жағдайына байланысты пікір білдірді. Зәкиеваның айтуынша, екі жағдайда да люктер жергілікті әкімдіктерге тиесілі болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-тан

Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген және салғырттық танытқан шенеуніктерді жазалауға шақырды. 

«Екі аптаның ішінде Қызылорда мен Түркістан облыстарында екі рет балалардың кәріз құдықтарына құлау оқиғасы тіркелді. Екі жағдайда да құдықтар әкімдіктерге тиесілі болған. Тексеру жүргізіп, осы орындар бойынша жауапкершілікті алған мамандарды жауапқа тарту қажет деп санаймын. Олар инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпегендіктен балалардың өліміне әкеп соғып отыр. Сондай-ақ осы салаға жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен аудан әкімдерін жауапкершілікке тарту керек», – деп жазды Динара Зәкиева сайтында. 

Еске салсақ, Түркістан облысында екі күн бойы іздеуде болған 4 жасар баланың денесі көрші үй маңындағы кәріз құбырынан (септик) табылғанын хабарлаған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!