Қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде. Мекеме әкімшілігі түрлі этнос өкілін бір – біріне жақындастыру мақсатында түрлі патриоттық шара өтеді. Бүгінгі «Достық» атты дөңгелек үстелге шоғырланған әр жазасын өтеуші өз ұлтының мәдениетімен таныстырды.

  • Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешудеміз! Елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілінің татулығы – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы. Бір мекемеде жазасын өтеп жатқан түрлі ұлт өкілінің басын біріктіріп, достық қарым – қатынаста ұстау біздің міндетіміз. Бүгінгі дөңгелек үстел аясында жазасын өтеушілердің ұлтаралық татулығы нығайып, достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасады деген сенімдіміз. Ынтымағымыз арта берсін! , – деді, тәрбие бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.
  • Бір жасақта 6 ұлт өкілі жаза мерзімімізді өтеудеміз. Басымызды біріктірген бір мекеме болғандықтан, бір-бірімізге қолдау білдіріп, бостандыққа шыққаннан соң да байланысымызды үзбей, тура жолға бірге қадам басуға шешім қабылдадық, – деді жазасын өтеуші.
    Аталған шара барысында түрлі ұлттың мәдениеті мен салт – дәстүрі туралы әңгіме қозғалып, әр ұлттың бір әні шырқалды. Бұндай дөңгелек үстел ұйымдастыру – мекемеде жазасын өтеушілер арасында татулық пен өзара жақсы қарым – қатынас орнатуда оң ықпалын тигізеді.
    • Адина Ұзақбай
      Қызылорда облыы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!