Шымкентте белгісіз ер адам күзетшіні қатты соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Не молчи” қоғамдық қоры мәлімдеді. 

Қазір полиция департаментінің барлық жеке құрамы күдіктіні іздеуге жұмылдырылды.

Оқиға туралы зардап шегушінің қызы айтып берді.

«2022 жылдың 5-желтоқсаны күні таңғы сағат 5-те белгісіз ер адам әкемді ұрып-соқты. Ер адам мас күйінде және агрессивті болды. Алдымен ол әкем күзетші болып жұмыс істейтін кабинаның жанына құлап қалған. Ол құлап, біртүрлі дыбыстар шығарғаннан кейін әкем шығып, «Балам, қардың үстіне отырма” деп айтқан. Артынша ер адам “маған қай жерде отыруды үйретесің бе” деп әкеме жұдырық ала жүгірген. Әкем кабинканың есігін жауып үлгермепті. Ер адам оны ұрып-соғып, оны көшеге сүйреп апарып, жерге жатқызып, үстіне отырып, жұдырығымен басынан және бетінен ұра бастаған, содан кейін басынан және қабырғаларынан тепкен. Әкем есін жоғалтып алған, алайда ол ұруын тоқтатпаған”, – дейді жәбірленушінің қызы.

Зардап шеугіші көптеген жарақаттармен ауруханаға түскен.

«Бас миының жабық жарақаты, бас миының ауыр контузиясы диагнозы қойылды. Мидың екі маңдай бөлігінде массивті субарахноидальды қан құйылу, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ қабырғалардың көптеген сынуы, екі өкпенің контузиясы. Мұрын сүйектерінің ығысуы мен сынуы, ығысуы бар сол жақ сүйегінің сынуы, екі жақтағы орбитаның төменгі қабырғасының ығысуы мен сынуы, екі көздің қабағының гематомасы, екі көзден қан кету анықталған. Жұмсақ тіндердің көгеруі және сол жақта қабырға асты аймағының көгеруі. Беттің екі параорбитальды аймағының тері асты гематомасы диагноздары қойылды», – делінген хабарламада.

Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі аталған факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!