Фото: БҚО ТЖ департаменті

Батыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын еріген қар суы шайып кетті. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 ақпан күні сағат 16.30 шамасында Жаңақала ауданы Мәстексай ауылынан 2 шақырым жерде болды.

«Қардың күрт еруі салдарынан су жолдың үстіне шығып кеткен (шаю ені – 55 метр, тереңдігі – 25 см). Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Автокөлік жүретін жайдақ жол бар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жергілікті әкімдік, полиция, ТЖ бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. «Юнисерв» ЖШС күшімен жолды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға бақылауда», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын күшті жел салдарынан Атырау-Орал рейсі ұшпай қалғанын жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!