Фото: видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде 7 адам құтқарылды. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 10 мамыр күні Теректі ауданында болған. 

«Сағат 16.41-де Жайық өзені бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау жөнінде өтініш түскен. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және 12-өрт сөндіру бөлімшесі күш-құралдарының және дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағы маңынан 7 адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олар жағалауға өз бетімен жете алмаған, қайықтың біреуін өзен ағыны алып кеткен» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!