20 наурыз күні Kyzylorda Hub алаңында Digital Nauryz мерекелік бағдарламасы аясында Bauyrsaq Pitch стартап жобаларының таныстырылым кеші өтеді. Іс-шара өңірдегі жас кәсіпкерлер мен ІТ қауымдастықты біріктіріп, инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған.
Кеш барысында өңіріміздің жас стартапшылары өз жобаларын таныстырып, креативті шешімдерін көпшілікке ұсынады. Қатысушылар жаңа технологиялық трендтермен танысып, өңірдегі стартап экожүйесінің дамуын көре алады.
Іс-шара тек питчингпен шектелмей, қатысушылар үшін мерекелік әрі интерактивті форматта ұйымдастырылады. Бағдарламада дәмді фуршет, ойындар, интерактивтер және сыйлықтар қарастырылған. Бұл формат қонақтарға бейресми жағдайда нетворкинг жасап, пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатарBauyrsaq Pitch алаңы өз жобасын көпшілікке таныстыруға ниетті стартап командалары үшін ашық. Қатысушылар өз идеяларын ұсынып, сарапшылар мен аудиториядан кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шара туралы ақпарат
Өтетін күні: 20 наурыз
Уақыты: 16:30
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би 29А
Қалай қатысуға болады?
Көрермен ретінде тіркелу үшін сілтеме: https://forms.amocrm.ru/rwmzxtm
Спикер ретінде қатысу үшін осы форманы толтыру қажет: https://forms.gle/RVcY4oP9c6AGg4NBA
Kyzylorda HUB
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!