Әлеуметтік желіде қазақстандық базарларда сібір жарасын жұқтырған ет өнімдері сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі ақпаратта Ақмола облысының Қосшы қаласында да сібір жарасының ошақтары табылғаны айтылған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
“Әлеуметтік желілерде таралып жатқан қазақстандық сауда сөрелерінде сібір жарасын жұқтырған ет өнімдері түскені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақмола облысының Қосшы қаласында сібір жарасы ошақтарының болуы туралы хабарлама да жалған болып отыр”, – делінген министрлік хабарламадасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында 12 адамның сібір жарасын жұқтырып, бір ауылдың каратинге жабылғаны туралы жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!