Фото: gov.kz

Баж алымдарын кері қайтару Салық кодексінің 108-бабына сәйкес жүргізіледі. Баж алымы төлем жасалған орны, жері бойынша кері қайтарылады, баж алымын қайтару кезінде электронды өтінішіңізбен (15 қосымша) қоса осы баж алымын кері қайтару негіз болып табылатын құжатын қоса тіркеп жолдау қажет.

Бұл ретте заңдылықтарға сәйкес заңды күшіне енген сот шешімі немесе ұйғарымы болуы тиіс. Егер салық төлемгер баж алымын қате төлеген жағдайда уәкілетті жауапты органнан осы баж алымы қолданылмағандығын, ешқандай іс-шағым тіркелмегендігін растап берген анықтама қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрін электронды түрде жүзеге асырудың негізгі мақсаты біріншіден, халыққа тез әрі сапалы қызмет көрсету болса, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызбау болып саналады.

Қазір барлық өтініштер 100 пайыз электронды түрде жүзеге асырылады. Барлық салық төлемгері баж алымдарын кері қайтару үшін өтініштерін, яғни 15-ші қосымшаларын қайтаруға негіз болып табылатын құжаттарын тіркеп, бюджетке баж алымына төлем жасаған өз банктік есеп шоттарын көрсетіп, е-салық қосымшасы арқылы немесе салық төлемгерінің кабинеті арқылы электронды түрде жолдай алады.

Баж алымы, 108126 бюджеттік сыныптама коды бойынша артық немесе қате жасалған төлемдерді қайтару үшін тиісті жауапты уәкілетті органның қайтаруға негіз болып табылатын құжаты міндетті түрде қажет.

Салық кодексінің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып өтініштердің қаралу мерзімі 5 жұмыс күні болып саналады. Яғни, өтініштер келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде өңделеді. Салық төлемгерлерінің өтініштерін орындау кезінде кемшіліктер туындаған жағдайда электронды түрде арнайы түсіндірме хаттары жолданады.

Д.МУСТАФАЕВ,
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының Талдау және есепке алу бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!