Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың Instagram-дағы тікелей эфирінен кейін жанжал туындады. Әлеуметтік желіде тікелей эфир біткенде әкімнің қала тұрғындарына бейәдеп сөз айтқаны қызу талқылануда. Алайда әкім бұның бәрін жоққа шығарған.

2 тамызда Щучинск қаласының әкімі Instagram-да тікелей эфир өткізіп, қала тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын. Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, эфирден кейін әкім қала тұрғындарының сауалдарына жауап бермей, тікелей эфирді аяқтауды шешіп, қош айтысты. «Сосын, трансляция аяқталды деп ойлап, ол мынадай сөз айтқан: «Олар бұл сұрақтарды өзіне тықсын … (бір жерге)», – делінген арна бөліскен жазбада. Instagram желісіндегі трансляция видеосы сақталмаған. Әлеуметтік желілерде әкімнің көмекшісі эфирді өшіруге әрекеттенетін соңғы кадрлар ғана пайда болды. «Qumash» жазбасына жазған пікірде Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі тікелей эфирде әдепсіз сөздер болмағанын хабарлады. «Щучинск қаласының әкімі Нұрмағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі барысында тұрғындардан сауалдар түскен жоқ. Тікелей эфирді жүргізген әкімдік қызметкері лауазымды тұлғаның әдепсіз сөздерге жол бермегенін айтты», – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Десе де Щучинск қаласының әкіміне қатысты қызметтік тексеру басталды. Кейін әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында Нұрмағамбетовтің видеосы жарияланып, ол қала тұрғындарына қатысты ешқандай жағымысыз сөздер айтылмағанына тағы да мәлімдеген. «Құрметті Щучинск қаласының тұрғындары, 2 тамызда Бурабай ауданы әкімдігі тікелей эфирге шықты. Онда мен әкімдіктің 2023 жылғы бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есеп бердім. Тікелей эфирде мен қала тұрғындарына жағымсыз, бейәдеп сөздер айтпадым», – деді әкім.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!