Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын, – делінген хабарламада.
 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!