ІІМ Астанадағы сауда орталықтарының бірінде болған бұзақылықты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 маусымда Астанадағы «Mega Silk Way» СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!