1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы сарбаздар интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанған болатын. Сол сәтте қазақ даласынан 22 мыңға жуық азамат Ауғанстанға барып, 900 сарбаз майдан даласында қаза тапса, 20-сы хабар ошарсыз кеткен. Содан бері 35 жыл өтті.

Айтулы дата қарсаңында қалалық №19 кітапханада «Бейбіт замандағы ерлік – жастарға өнеге» тақырыбында ауған ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Жас оқырмандарға, патриот жастарға Ауған соғысы жөнінде мәлімет бере отыра, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шараға облыстық ауған соғысы ардагерлері, мүгедектер қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қ.Босанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі Қыдырбай Захманұлы, №253 мектеп мұғалімі Еркін Жарылқапұлы, №5 мектептің Айбын сарбаздары арнайы қатысты.

Ардагерлер ең алдымен ауған соғысында қаза болған боздақтар рухына тағзым еіп, есімдерін қастерлеу керек екенін айтып, шараның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қатысушы қонақтарды, сол отты жылдардағы естеліктері мен бастан өткерген қиындықтарын айтып, сарбаздардың ерліктерін жас буынға үлгі етті.

Тағлымды кездесу кешінің соңында №7 мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары патриоттық өлең жолдарын оқып, өз өнерлерін ортаға салды. «Ауған ақиқаты» атты арнайы видеодерек әзірленіп, көрермен назарына ұсынылды.

Кеш соңында өнерпаз жастар ән мен күйден шашу шашып, мұңбұрала би билеп, қошеметке бөленді.

Бейбіт замандағы ерлік – жастарға өнеге
Бейбіт замандағы ерлік – жастарға өнеге
Бейбіт замандағы ерлік – жастарға өнеге

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!