Ақтөбедегі «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.»Тексеру кезінде қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды. Қазіргі уақытта олар Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды»,- делінген полиция хабарламасында.Бұған дейін «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленуші қызы терезені сындырып қашып кеткені хабарланған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!