фото: Бауыржан Жуасбаев-архив

Қазақстанда автокөлік жүргізушілеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді көліктің мемлекеттік нөмірі арқылы иесіне аноним түрде хабарлама жіберуге болады. Терезесі ашық қалған немесе жолға бөгет жасап тұрған көлікті байқасаңыз, нөмірін енгізіп, жүйе арқылы иесіне хабарлама жібере аласыз.

Министрдің айтуынша, бұл қызмет азаматтық жауапкершілікті арттырып, жүргізушілер арасындағы өзара көмекті нығайтады. Жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асқан.

Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз, – дейді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!