Қазақтың белгілі актері Асқар Наймантаев өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген.

Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев«Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашқан. 

Асқар Наймантаев бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашқан. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!