Кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы сот отырысында күтпеген жайт болған. Судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Ботагөз Омарова сот залындағы видеоны Facebook парақшасында жариялады.

Айта кетейік, кеше сот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Берденовке жасалған шабуыл

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!