Еске салсақ, Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанды биылғы жылдың наурызынан бастап басқара бастады.
Үкімет мүшелерінің елдегі жағдай жөніндегі есебінен кейін Түркіменстан президенті 26 министрді қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қызметінен алынғандардың қатарында үкімет басшысының орынбасары, білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, жастар ісі және әлеуметтік қорғау министрлері бар.
Сондай-ақ, Бердімұхамедов мемлекеттің Аустрия, Жапония, Бельгия, Франция, Түркия, Әзербайжан, Украина және Оңтүстік Кореядағы елшілерін де ауыстырды.
Еске салсақ, Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанды биылғы жылдың наурызынан бастап басқара бастады. 12 наурызда өткен сайлауда Сердар Бердімұхамедов 72,97% дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.
Сердар Бердімұхамедов – бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!