Отбасы өз құндылықтарын сақтаған жағдайда ғана отбасы бола алады. Отбасы – бізді тәрбиелейтін орта. Ол отбасында әр адам өте маңызды рөл атқарады. Әкеміз бен анамыз біздердің тәрбиеміздегі ерекше рөл ойнайтын кісілер. Біздің дұрыс жолда жүруіміз өзімізгеде байланысты. Кез-келген адамның бойында жақсыда, жаман әдеттер болады. Біз басқалардан мейлінше жақсы заттарды үйренуіміз керек. Біздің қандай болуымыз ортамызга, тәрбиемізге, өзімізге байланысты. Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтар арасында өздеріңіз білетіндей зиянды құрылғылар кеңінен таралып жатыр. Бұндай жағдайларды қазірден алдын ала білуіміз керек. Отбасында күнделікті тәлім-тәрбие беретін үлгілі әңгімелер айтылуы тиіс. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Балаларға кішкентай кезінен ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айту біздің парызымыз деп санаймын. Баланың тәрбиелі, парасатты болып өсуі ата-ананың қуанышы. Қазақ халқы баланы сөзбен түзеп, ақылмен өсірген. Қазіргі кезде есірткі тұтынушылар саны аспаса, кеміп жатқаны жоқ. Бұл затқа тәуелділік жастар арасында көп танылып бара жатыр. Бұл зат жастардың ағзасын құртып, өміріне балта шабуда, ауыр дерткеде ұшырап жатқандарыда аз емес. Бұндай заттар жастар арасында қызық үшін жиі қолданылып та жатады. Сол үшін балаларымызды жиі қадағалап отыруымыз керек. Олардың әр қадамын бақылау керек. Бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана жауапты. Бұл сөздер барлық ата-аналарға ортақ деп ойлаймын. Қазіргі кезде жаман әдеттер отбасынан бір-біріне беріліп бара жатқан дерт секілді. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші, жаман әдетті отбасынан шыққан бала қандай болашаққа ұмтылмақ. Қазірден балалар бұзылса болашақта не болмақ? Олардың келешекте дұрыс жолға түсіп кете алатынына кім кепіл?! Адам баласында әдеттер туылғанынан емес, өсегеле қалыптасатынын ұмытпайық! Біздің балаларымыз біздің болашағымыз, біздің болашағымыздың жарқын болуына әр ата-ана көмек бере алады. Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны істейді. Балаларымызға дұрыс жол көрсетуіміз үшін өзімізді өзгертіп,өзімізді түзеуіміз керек. Біз ата-ана баланың тәрбиесінде ең маңызды рөл ойнайтынымызды ұмытпағанымыз абзал! Әр бала жарқын болашақтан өз орнын алуға міндетті. Сол орынды алу барысында біздер,яғни ата-аналар бөбектерімізге дұрыс бағыт-бағдар беруіміз керек. Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтпақшы: Адам мінезінің,ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі болуынан, адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтар жасауы, тәрбиенің жетіспегенінен» деген. Берік отбасы-есірткіден алыс!
#есірткігеқарсы # противнаркотиков
Нұрмановтар отбасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!