Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен өткен отбасылық байқау өз мәресіне жетті. Байқаудың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды нығайту болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Екінші кезеңге облыстың әртүрлі аудандарынан 20 отбасы қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін және қоғам алдындағы азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Қатысушылар үш бейнеролик түрінде өз жұмыстарын ұсынды:

  • есірткіге қарсы үндеу;
  • отбасылық флешмоб;
  • есірткіге қарсы ән орындау.

Байқау барысында отбасылардың ұйымшылдығы, шығармашылығы және жастарды есірткіден қорғауға деген шынайы талпынысы ерекше атап өтілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік деп танылғандар:

Бәйменовтер отбасы және Тынымбай отбасы (Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейі);

Жолдыбай отбасы (Қазалы ауданы, №165 мектеп);

Сәкеновтер отбасы (Қармақшы ауданы, №273 мектеп);

Садыковтар отбасы (Жаңақорған ауданы, №86 мектеп);

Түймебаевтар отбасы (Жалағаш ауданы, №38 мектеп).

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары, шығармашылықтары және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Берік отбасы – есірткіден алыс, ал мықты отбасы – мықты қоғамның негізі!

Берік отбасы – есірткіден алыс
Берік отбасы – есірткіден алыс
Берік отбасы – есірткіден алыс

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!