Адамға саламатты отбасын құру үшін, оның өзі саламатты отбасында туып, өсуі маңызды. Біз отбасымызбен бірге саламатты өмірдің ережелдерін ұстанамыз. Яғни менің отбасымда зиянды әрекеттерге әуесқой адам жоқ. Себебі: зиянды әрекеттердің салдары дені сау ұрпақтың азаюына әкеп соқтырады. Жалпы ғасыр дерті – нашақорлық . Біреулер есірткі таратып , байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда. Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар . Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады.
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес . Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлін беуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыдағана әңгімелесумен шектеледі, қарныңтоқ па, көйлегің көкпе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасықандай, достарыкы мекенін білуге, жасөспірімнің бос уақытын қайда , қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбінесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа ұрынуы мүмкін. Жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді…
Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз , содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, отбасында ата-ана мен бала бір-біріне суық , рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өзкемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтапшықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен арақ құмарлар саны арта түсті .Осындай залалды әрекеттерден қорғану үшін мен ата-ана ретінде өз отбасыма қамқорлық танытып, сүйіспеншілік пен адамгершілікті таныта отырып, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану,өмірге деген құлшыныстарын арттыруда барлық қажеттіліктерді жасап отырмын. «Ең бірінші байлық – денсаулық» демекші адам жаны мен тәнінің амандығы және баға жетпес құндылық екенін ұғына отырып, берік отбасыммен бірге саламатты өмірді ұстанамыз!
Орындаған ата-ана: НазаралиеваГүлсара
10 «А» сынып оқушысы Бертілеу Шахмардан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!