Әлеуметтік желіде бейтаныс бойжеткеннің кішкентай қызды теуіп, ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні таңғы уақытта болған. Бес жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетінен кейін ұрып-соққан.

Жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды», – деп хабарлады полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!