Коллаж: ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде бетперде киіп, халыққа көмек жасап аты шыққан бетперделі жігіn су тасқынынан зардап шеккен халыққа 450 млн теңге аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлемжелідегі үндеу
Бетперде киген жігіт желідегі үндеуінде ел ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болып, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланғанын айтады. 5000-нан астам үй судың астында қалып, 8000-нан үй жануары қырылғанын атап өтеді.
– Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге. Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз, – дейді бетперде киген жігіт.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!